15 Нау 2024
Без категорий

Әкімшілік

Тегі, аты, әкесінің аты: Табылдиева Райхан Молдабековна

Лауазымы: Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөлімінің «№2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп - гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

Туған күні, айы, жылы: 20.09.1963 жыл

Білімі: Жоғары, (РПИРЯиЛ) Орыс тілі және әдебиеті республикалық педагогикалық институт Ташкент қаласы, 1987 жыл

Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Еңбек өтілі: 36 жыл

Басшылық санаты: -

Санаты: Педагог - зерттеуші

Табылдиева Райхан Молдабековна педагогика саласында қиындығы мен қызықшылығы қатар жүретін ұстаздық жолын 1987 жылы Келес ауданы Ұшқын ауылында орналасқан «Т.Бердияров атындағы жалпы орта мектебінде» орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып бастады. 1989 жылы желтоқсан айынан бастап қазіргі таңға дейін осы аты аталған №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп - гимназияда жұмыс атқарып келеді. Жас ұрпаққа білім берудегі біліктілігі мен шеберлігі,қабілеті ескеріліп,2005 - 2019 жылдар аралығында мектеп - гимназия директорының ғылыми - әдістемелік жұмыстары жөніндегі директор орынбасары лауазымдық қызметін жоғары деңгейде атқарды.

Табылдиева Райхан Молдабековна 23.12.2019 жылдан бастап осы күнге дейін Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданы білім бөлімінің «№2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп - гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келеді.

Табылдиева Райхан Молдабековна – білім саласындағы болып жатқан өзгерістерді жүзеге асырудың сәттілігін анықтайтын көшбасшы, мектеп алдында тұрған мәселелерді шешудің дәстүрлі емес жолдарын таба алатын, басқарудың инновациялық технологияларын құра және қолдана алатын шығармашылық тұлға.Ұйымдастыру және басқару қабілетінің арқасында үлкен жауапкершілікке сүйене отырып, ұжымда қатаң тәртіппен дұрыс шешім қабылдай білетін қасиетінің арқасында мектептің аудан, облыс бойынша үлгілі мектептердің қатарына қосылуына көп үлес қосып келеді. 

 

Тегі, аты, әкесінің аты: Турбекова Айгуль Паримбаевна

Лауазымы: Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылы «№2 Ө. Жәнібеков атындағы мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары.

Туған күні, айы, жылы: 10.04.1970 жыл

Білімі: Жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті 1991 ж

Мамандығы: География пәні

Еңбек өтілі: 36 жыл

Басшылық санаты: Санатсыз

Санаты: Педагог - зерттеуші

Турбекова Айгуль Паримбаевна Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің география пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқып,бітірдім. Алғашқы еңбек жолын 24.08.1987 жылы Шымкент облысы Шардара ауданындағы Амангелді атындағы мектепке пионервожатый болып қабылдандым, 09.10.1987 жылы Шардара ауданындағы М.Әуезов атындағы орта мектепке пионервожатый болып ауыстым. 02.09.1991 жылы отбасылық жағдайыма байланысты Ә.Жанкелдин атындағы орта мектепке тарих пәнінің мұғалімі болып ауыстым. 31.08.2002 жылы №73 Ө.Жәнібеков атындағы көп салалы мектеп-гимназиясына география пәнінің мұғалімі болып қабылдандым. 03.09.2012 жылы №73 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалып, 25.11.2017 жылы аталған лауазымдық қызметтен босатылдым. 03.10.2022 жылдан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлығына қайта тағайындалдым, қазіргі таңда оқу ісі жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарудамын.


Артыков Сапархан Қайратович

Тегі, аты, әкесінің аты: Артыков Сапархан Қайратович

Лауазымы: Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылы «№2 Ө. Жәнібеков атындағы мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары.

Туған күні, айы, жылы: 21.08.1991 жыл

Білімі: Жоғары, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті, 2012

Мамандығы: Құқық негіздері. Дінтану

Еңбек өтілі: 12 жыл

Басшылық санаты: Санатсыз

Санаты: Педагог - сарапшы

Артыков Сапархан Қайратович алғашқы еңбек жолын 2012 жылы жергілікті Түркістан облысы Келес ауданы «№2 Ө. Жәнібеков атындағы мектеп - гимназиясы» КММ мұғалім болып бастадым. 2012 - 2014 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің "Құқықтану" мамандығын алдым. 2012 жылы Түркістан облысы, Келес ауданы Абай ауылында «№2 Ө. Жәнібеков атындағы мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Дінтану пәні мұғалімі болып қабылданып, 2022 жылдан бастап, қазіргі таңда оқу ісі жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарудамын.

Куандыкова Гульзира Болысбековна

Тегі,аты, әкесінің аты: Куандыкова Гульзира Болысбековна

Лауазымы: директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары

Туған күні, айы, жылы: 01қараша 1966 жыл

Білімі: Жоғары. Шымкент педагогика институты, 1992жыл

Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі

Еңбек өтілі: Жалпы 39 жыл, педөтілі 32 жыл

Басшылық санаты: жоқ

Санаты: Педагог - зерттеуші

Куандыкова Гульзира Болысбековна өзінің білім саласында еңбек жолын 1992 жылы 31тамыздан М.Ауэзов атындағы Шымкент педагогика институтының Бастауыш сынып педагогикасы мен методикасы факультетін бастауыш сынып мұғалімі және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын алып келіп, «Қазақстан ССР - нің 50 жылдығы» (қазіргі атауы «№2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп - гимназия») атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастады. 2023 жылдың 16 қазанында директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу - ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ергешбеков Куаныш Ергешбекович

Тегі, аты, әкесінің атыЕргешбеков Куаныш Ергешбекович

Лауазымы: Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданы білім бөлімінің №2 «Ө.Жәнібеков атындағы мектеп - гимназия » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми - әдістемелік ісі жөніндегі директорының орынбасары.

Туған күні, айы, жылы: 10.11.1983 жыл

Білімі: Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университеті, 2000 жыл

Мамандығы: Тарих және география пәні мұғалімі

Еңбек өтілі: 19 жыл

Басшылық санаты: үшінші санатты басшының орынбасары

Санаты: Педагог - сарапшы

Ергешбеков Куаныш Ергешбекович алғашқы еңбек жолын 2004 жылы «№73 Ө.Жәнібеков атындағы көп салалы мектеп - гимназиясында» Тарих және география пәні мұғалім болып жұмысты бастадым. 2020 жылдан бастап, қазіргі таңда №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп - гимназия КММ директорының ғылыми - әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарудамын.

 

Кабилбеков Сейлбек Амирбекович

Лауазым: Келес ауданы Абай ауылы №2.Ө.Жәнібеков атындағы мектеп - гимназия КММ директордың оқу тәрбие - ісі жөніндегі орынбасары.

Туған күні, айы, жылы: 04.04.1983жыл

Білімі: Жоғары М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ 2005жыл

Мамандығы: Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәні мұғалімі.

Еңбек өтілі: 17жыл

Басшылық санаты:

Санаты: Педагог - сарапшы

2006 жылы №2.Ө.Жәнібеков мектеп -гимназия КММ Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәндері мұғалімі болып қабылдандым.

Тегі,аты,әкесінің аты: Кошкарова Инайм Лесовна

Лауазымы: Түркістан облысының білім басқармасының, Келес ауданы білім бөлімінің « №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп - гимназия»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог - психологы.

Туған күні,айы,жылы: 29.01.1983жыл

Білімі: Қазақ мемлекеттік қыздар университеті 2001 - 2006ж

Мамандығы: педагог - психолог

Еңбек өтілі:19жыл

Санаты: педагог - сарапшы

Кошкарова Инайм Лесовна 2005жылдан бастап,қазіргі таңға дейін осы мектеп - гимназияда педагог - психолог мамандығы бойынша қызмет атқарудамын.

Тегі,аты,әкесінің аты: Жумалиева Айгерим Бекзатовна

Лауазымы: Түркістан облысының білім басқармасының ,Келес ауданы білім бөлімінің « №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп - гимназия»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог - психологы.

Туған күні,айы,жылы: 31.12.1990жыл

Білімі: Тараз инновациялық гуманитарлық университеті 2010 - 2013жж

Мамандығы: педагог - психолог

Еңбек өтілі:13 жыл, педагог - психолог - 6жыл

Санаты: педагог - модератор

 Жумалиева Айгерим Бекзатовна алғашқы еңбек жолын 2010жылы осы мектеп - гимназиясына ән - күй пәні мұғалімі болып жұмыс бастадым, 2013жылы тәлімгер қызметін атқардым, 2018жылдан бастап педагог - психолог лауазымына тағайындалдым,қазіргі таңда осы мектеп - гимназияда педагог - психолог мамандығы бойынша қызмет атқарудамын

Тегі,аты,әкесінің аты: Мырзахметова Қымбат Сапаралиевна

Лауазымы: Түркістан облысының білім басқармасының, Келес ауданы білім бөлімінің « №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп - гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік педагогы

Туған күні,айы,жылы: 12.04.1991жыл

Білімі: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 2015 - 2017ж

Мамандығы: Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану

Еңбек өтілі: 3 жыл, әлеуметтік педагог - 1 жыл

Санаты: санатсыз

Мен Мырзахметова Қымбат Сапаралиевна 2021 - 22 жылы педагог - психолог болып жұмыс атқардым. 2023жылдан бастап,қазіргі таңға дейін осы мектеп - гимназияда әлеуметтік педагог болып жұмыс атқарамын.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар