13 Ақп 2024
Страницы КГУ «Школа-гимназия №2 имени У.Жанибекова» отдела развития человеческого потенциала Келесского района управления развития человеческого потенциала Туркестанской области

Директор блогы

Тегі, аты, әкесінің аты: Табылдиева Райхан Молдабековна

Лауазымы: Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөлімінің «№2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

Туған күні, айы, жылы: 20.09.1963 жыл

Білімі: Жоғары, (РПИРЯиЛ) Орыс тілі және әдебиеті республикалық педагогикалық институт  Ташкент қаласы, 1987 жыл

Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Еңбек өтілі: 36 жыл

Басшылық санаты: -

Санаты: Педагог-зерттеуші

            Табылдиева Райхан Молдабековна педагогика саласында қиындығы мен қызықшылығы қатар жүретін ұстаздық жолын 1987 жылы Келес ауданы Ұшқын ауылында орналасқан «Т.Бердияров атындағы жалпы орта мектебінде» орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып бастады. 1989 жылы желтоқсан айынан бастап қазіргі таңға дейін осы аты аталған №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназияда жұмыс атқарып келеді. Жас ұрпаққа білім берудегі біліктілігі мен шеберлігі,қабілеті ескеріліп,2005-2019 жылдар аралығында мектеп-гимназия директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі директор орынбасары лауазымдық қызметін жоғары деңгейде атқарды.

         Табылдиева Райхан Молдабековна 23.12.2019 жылдан бастап осы күнге дейін Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданы білім бөлімінің «№2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келеді.

         Табылдиева Райхан Молдабековна – білім саласындағы болып жатқан өзгерістерді жүзеге асырудың сәттілігін анықтайтын көшбасшы, мектеп алдында тұрған мәселелерді шешудің дәстүрлі емес жолдарын таба алатын, басқарудың инновациялық технологияларын құра және қолдана алатын шығармашылық тұлға.Ұйымдастыру және басқару қабілетінің арқасында үлкен жауапкершілікке сүйене отырып, ұжымда қатаң тәртіппен дұрыс шешім қабылдай білетін қасиетінің арқасында мектептің аудан, облыс бойынша үлгілі мектептердің қатарына қосылуына көп үлес қосып келеді.  

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар