29 Қырқ 2023
Жаңалықтар

Жолдау білім саласының бағдарын айқындап берді

 

Бүгін Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады.

Білім бөлімінің ұжымымен бірге Жолдауды тыңдап, білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелерді бірге талқыладық. 

Мемлекет басшысы ІТ саласына баса көңіл бөлу қажеттігін айтты. Шын мәнінде бұл сала ел болашағы үшін маңызды. Сондықтан өскелең ұрпақтың осы саладағы жетістіктерін бе арттыру керек деп білемін. 

Мемлекет басшысы жас ұрпақтың қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету қажеттігін де атап өтті. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы “Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады” деді.

Қорыта айтқанда бүгінгі Жолдау білім саласының алдағы бағытын айқындап бергендей. Енді осы бағытты жұмыла жұмыс жасаймыз.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар