11 Шілде 2023
Жаңалықтар

Мектеп туралы

№2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясы

 

Мектеп-гимназия тарихы

 

1970 жылы тамызда Қ.Сәтбаев атындағы сегіз жылдық мектеп Үкімет қаулысымен орыс тілінде оқытатын орта мектеп болып қайта құрылды.

1970 жылы 26-тамызда Қазақ ССР-нің 50 жылдығы атындағы №24 орта мектеп болып аталды.

1997 жылы 12-қарашада ОҚО Сарыағаш аауданы әкімдігінің №516 шеешімімен Қазақ 50 жылдығы №73 мектеп болып өзгертілді.

2000 жылы сәуір айында «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №73 орта мектеп» болып өзгертілді.

2002 жылы 29-тамызда Облыстық білім департаментінің  №1145 бұйрығымен «№73 Ө.Жәнібеков атындағы көп салалы мектеп-гимназия» статусы берілді. 

2009 жылы 22 наурызда Сарыаағаш ауданы Әкімдігінің №258 қаулысымен «№73 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

2012 жылы 1-наурызда Сарыағаш ауданы әкімдігінің №156 қаулысымен №73 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2018 жылы 11-желтоқсанда Келес ауданы әкімдігінің №98 қаулысына сәйкес Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі» болып өзгертілді.

2021 жылы 14-қаңтарда Түркістан облысы әкімдігінің №5 қаулысына сәйкес Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Мектеп-гимназияда қазіргі таңда жалпы 0-11 сыныптарда 2006 оқушы оқиды. Оның ішінде бастауыш 885, МАД тобы -74, негізгі 855, жоғары -192 оқушы оқиды.

Қазіргі таңда жалпы 194 педагог, оның ішінде 2 шебер, 34 зерттеуші, 74 сарапшы, 32 модератор білім беріп келеді.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар